Солтүстік Қазақстандағы өрт: Әкімдік жерлеу рәсіміне көмектеседі

188

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Солтүстік Қазақстандағы өрт: Әкімдік жерлеу рәсіміне көмектеседі Фото: freepik

Солтүстік Қазақстан облысы Ступинка елді мекенінде өртенген үйден екі ересек адамның және үш баланың денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға болған жерге СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың тапсырмасы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов барды.

"Облыс әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыру мен өткізуге қажетті барлық көмекті көрсететін болады. Кәмелетке толмаған студентке колледж жатақханасында тегін тұру мүмкіндігі беріледі. Оған қажетті барлық психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, материалдық көмек көрсету және оқу ақысын төлеу мәселесі шешіледі. Алдағы уақытта тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылады. Жақын туыстарына қамқоршылық ресімдеу мәселесі ерекше бақылауда болады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу