Солтүстік Қазақстанға оңтүстіктен 700-дей отбасы көшпекші

1011

Солтүстік Қазақстанға оңтүстіктен 700-дей отбасы көшпекші

Еліміздің оңтүстік өңірінен Солтүстік Қазақстан облысына 700 отбасы көшуге ниет білдіріп отыр. Ал осы уақытқа дейін теріскейге мемлекеттік бағдарламамен 127 жанұя қоныс аударған.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Сапаров мәлімдеді деп хабарлайды 24 хабар арнасы.

Оның айтуынша, келер жылы өңірде қант зауыты салынып, онда қант қызылшасы өңдеуден өтетін болады. Қазір диқандар әр гектардан 50 тонна қызылша алып жатыр.

"Біз Омбыға жылына екі рет делегациямен барып тұрамыз. Қазақ диаспорасымен кездесу өткіземіз. Оларға көмек керек болса, көрсетеміз. Олар да бізге келіп тұрады. Тығыз қарым-қатынастамыз", – деді әкім орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу