Солтүстік Қазақстаннан ЭКСПО-2017 көрмесіне 136 мың турист келеді

1312

Солтүстік Қазақстаннан ЭКСПО-2017 көрмесіне 136 мың турист келеді

Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға Солтүстік Қазақстан облысынан 136 мың  тұрғын келеді. Бұл туралы аппараттық кеңес барысында кәсіпкерлік және туризм басқармасының жетекшісі Құралай Жарова мәлім етті деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"93 күндік көрмені тамашалау кестесі әзірленді, оған 136 мың адамды аттандыру қарастырылған, оның ішінде 60 мыңы – оқушылар, студенттер мен зейнеткерлер.  Көрмеге  баратын  аз қамтылған отбасылар мен жетім балалардың жолақысы  бюджеттік қаражаттан бөлінеді", – деді Құралай Жарова.

Сондай-ақ, Жастар бастамасының орталығымен бірігіп  ЭКСПО-ға қатысатын  180 ерікті үш  айлық оқыту курсынан өтеді.

Жергілікті "Прогресс" турфирмасы өңір мен Ресейдің шекаралас өңірлерінің тұрғындарына туристік бағыт әзірлеп қойды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу