Солтүстік Қазақстаннан он айда 21 мың адам көшіп кеткен

319

Басқа елдерден 4 мыңнан астам қоныс аударса, 2 300-дей адам шетелге көшкен екен.

Солтүстік Қазақстаннан он айда 21 мың адам көшіп кеткен Фото: www.gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысынан биылғы он ай ішінде 21 304 адам кеткен, келгендер саны қоныс аударғандардың орнын толтырмайды. Салдарынан өңір халқы тағы шамамен 5,5 мың адамға азайды. Мұндай үрдіс еліміздің басқа өңірлерінде де байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, көші-қон айырымы үлкен облыстардың көшін Түркістан бастап тұр. Бұл өңірден биылғы қаңтар-қыркүйек айларында 112 143 адам көшіп кеткен. Келгендер саны – 91 мыңға жуық. Айырмашылық – 21 мыңнан асады.

Екінші орында – Жамбыл ауданы. Бұл өңірден осы аралықта 55 500-ге жуық адам көшіп кетсе, 43 мың адам қоныс аударған. Облыс халқы 12 500 адамға азайды.

Жетісу мен Қызылорда облыстарында да биылғы он айда өңір халқы шамамен 7,5 мың адамға азайып отыр.

Тек Алматы, Маңғыстау облыстарында және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ғана халықтың көші-қонында оң өсім бар.

Мәселен, Алматы облысынан қаңтар-қыркүйекте шамамен 103 500 адам кетсе, керісінше 106 500-ге жуық адам көшіп келген. Маңғыстауда көшіп келушілер арқылы халық саны 1 571 адамға өскен.

Халық санының көші-қон арқылы көбеюінен Астана қаласы көш бастап тұр. Осы аралықта 198 мың адам көшіп келсе, 143 500-дей адам қоныс аударған.

Алматы халқы 30 мың адамға, Шымкент тұрғындары 6,5 мың адамға көбейді.

Ал, жалпы республика бойынша тұрғындар саны қоныс аударушылар есебінен 10 182 тұрғынға көбейді. Соның ішінде ТМД елдерінен 16 мыңнан астам адам келіп, 8 мыңға жуық адам көшіп кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу