Солтүстік Корея 78 жылдан кейін мемлекеттік туын өзгертті

111

Солтүстік Корея мемлекеттік туының өлшемін өзгертіп, 1948 жылдан бері алғаш рет ресми түзету енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Корея 78 жылдан кейін мемлекеттік туын өзгертті Фото: ЖИ

Бұл өзгеріс ел Конституциясына енгізілген жаңа норма арқылы бекітілді.

Жаңа талап бойынша мемлекеттік тудың биіктігі мен енінің арақатынасы бұрынғы 1:2 көрсеткішінен 1:1,65-ке өзгерген.

Алайда тудың сыртқы безендірілуі сол күйінде қалды. Қызыл түсті орталық жолақ, ақ және көк жолақтар, сондай-ақ ақ шеңбер ішіндегі қызыл бес бұрышты жұлдыз сақталған.

Айта кетейік, бұл өзгеріс Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның билігі тұсында жүзеге асты. Сарапшылар оны елдің ұлттық бірегейлігін нығайтуға бағытталған саяси қадамдармен байланыстырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу