Солтүстік Корея әлемге бұрынғыдай қауіп төндіре беретінін мәлімдеді

670

Солтүстік Корея әлемге бұрынғыдай қауіп төндіре беретінін мәлімдеді

Солтүстіккореялық құрлықаралық баллистикалық зымыранның жобасы аяқталуға жақын. Бұл туралы КХДР президенті Ким Чен Ын халыққа жаңа жылдық үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Euronews.

Солтүстік Корея көшбасшысы өз елінің мұндай қадамға амалсыздан барып отырғанын айтты. Оған басты себеп – АҚШ пен Оңтүстік Кореяның агрессиялық саясаты. КХДР алдағы жылы да өзінің әскери күш қуатын одан әрі арттыра бермек.

Алайда Оңтүстік Корея билігі солтүстіктегі көршілерінің бұл әрекетін айыптап, олардың әскери салада жеткен жаңа жетістігіне күмәнмен қарады.

baq.kz

"Ким Чен Ынның халыққа үндеуінде жаңа ештеңе айтылған жоқ. Ал ядролық бағдарламаға тоқталсақ, Ким арандату саясатын одан әрі жалғастыра бермек. Мұны өз мемлекетін қуатты ядролық державаға жатқызып, құрлықаралық баллистикалық зымыранның жобасы аяқталуға жақын деуінен көруге болады", – дейді біріктіру жөніндегі министрліктің өкілі Чон Чжун Хи.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньяннан баллистикалық зымырандар жасау мен зерттеуді тоқтатуды бірнеше рет талап еткен болатын. Алайда КХДР билігі бұл ескертулерді құлағына ілмей отыр, тіпті ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімнің де күшін мойындамаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу