КХДР Жапон теңізіне қарай ұзақ қашықтықтағы баллистикалық зымыранды ұшырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ренхап агенттігіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Корея қарулы күштерінің Біріккен штаб бастықтарының мәліметінше, КХДР дүйсенбі күні таңғы сағат 08:24-те Пхеньяннан немесе оның айналасынан алыс қашықтықтағы зымыран ұшырды.
“Біздің әскерилер толық жауынгерлік дайындықты қолдайды, АҚШ-пен және Жапониямен “Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыраны” бойынша тығыз байланыста әрі ақпарат алмасып отыр”,- делінген хабарламада.
Жапонияның қорғаныс министрлігі Солтүстік Корея жоқ дегенде бір баллистикалық зымыран ұшырғанын хабарлады. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, зымыран елдің ерекше экономикалық аймағынан тыс солтүстік Окусири аралынан (Хоккайдо) батысқа қарай 250 км жерде, Жапон теңізінде таңғы 09:37 шамасында құлайды деп күтіліп отыр.