Солтүстік Корея араға бірнеше жыл салып туристер үшін шекарасын ашады

231

Бұл мемлекет коронавирус пандемиясының басында шетелдіктер үшін шекарасын жапқан болатын. 

Солтүстік Корея араға бірнеше жыл салып туристер үшін шекарасын ашады Фото: Российская газета

Солтүстік Корея араға бірнеше жыл салып жалпы туризмін қайта жандандырмақ. Бұл туралы Bloomberg жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Koryo Tours және KTG Tours операторлары Солтүстік Кореядағы серіктестерінен биылғы желтоқсаннан бастап өз сапарларын қайта бастау жөнінде хабарлама алғанын мәлімдеді. Ең бірінші кезекте турлар Қытаймен шектесіп жатқан Самджионда, кейіннен елдің қалған бөлігінде өтеді деп жоспарланған.

Солтүстік Корея билігі шамамен бір жыл бұрын шекарадағы пандемиялық шектеулерді жеңілдете бастады. Осы жылдың басында Солтүстік Корея ресейлік туристерді елге кіргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу