Солтүстік Корея билігі кеме талқандайтын зымырандар ұшырғанын растап, сынақтың сәтті аяқталғанын айтты. Оның барысын елдің жетекшісі Ким Чен Ын жеке өзі қадағалаған, деп хабарлайды 24.kz.
Кеше Пхеньян бірнеше зымыран ұшырған болатын. Олар 200 шақырым қашықтықты еңсеріп, Жапон теңізіне құлады.
Негізі Солтүстік Корея 10 шақты күн бұрын ғана баллистикалық зымыранын сынақтан өкізген еді. Осыған байланысты 2 маусымда Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесі мемлекетке қарсы санкцияларды күшейту туралы қарар қабылдады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу