КХДР басшысы Ким Чен Ын Корей халық армиясының қолбасшылары мен саяси жетекшілерінің кездесуінде соғысқа дайындықты күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты KCNA агенттігіне сілтеме жасап.
Ким Чен Ынның айтуынша, АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әрекеті Корея түбегінде тарихтағы ең шиеленісті жағдайды тудырған.
Солтүстік Корея басшысы аймақтың "әлемдегі ең ыстық нүктеге" айналғанын тілге тиек етті. Ол сондай-ақ соғысқа дайындалу жөнінде де айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу