Солтүстік Корея бірнеше елдегі елшілігін жапты

554

Бұған ҚХДР-дағы экономикалық жағдайдың қиындауы себеп болуы мүмкін.

Солтүстік Корея бірнеше елдегі елшілігін жапты Фото: Reuters

БАҚ өкілдері мен сарапшылардың пікірінше, Солтүстік Корея Испаниядағы, Гонконгтағы және Африканың бірнеше елдеріндегі он шақты елшілікті жабуды көздеп отыр, бұл Пхеньянның дүние жүзіндегі миссияларының 25%-ы жабылды деген сөз.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

31 қазанда Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат агенттігі KCNA өткен аптада Ангола мен Уганда елшілігі, және  Африкадағы екі елшілігі жабылғанын мәлімдеді. 

Айта кетейік, Ангола мен Уганда 1970 жылдардан бері Солтүстік Кореямен достық қарым-қатынаста.

Солтүстік Кореяның дипломатиялық өкілдіктерінің жабылуы - КХДР-дың халықаралық санкцияларға байланысты шетелде пайда табу үшін күресіп жатқанының белгісі болды, деп хабарлады Оңтүстік Кореяның Бірлік министрлігі.

"Солтүстік Корея әлем елдеріндегі елшіліктерін жабуы халықаралық қауымдастықтың санкциялары күшеюіне байланысты болды, олардың валюталық бизнесі құлдырап, елшіліктердің жұмысын жалғастыру қиынға соқты. Бұл Солтүстік Кореядағы қиын экономикалық жағдайды көрсетуі мүмкін, тіпті дәстүрлі дос елдермен дипломатиялық қарым-қатынасты минималды ұстап тұру қиын", делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, Солтүстік Корея 159 елмен ресми қарым-қатынаста. Ангола мен Угандадағы жұмысын тоқтатқанға дейін елдің шетелде 53 дипломатиялық өкілдігі, оның ішінде үш консулдық және үш өкілдік болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу