Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб басшылары Солтүстік Корея Хванхэ провинциясынан Сары теңізге 130-ға жуық, ал Канвондо провинциясынан Жапон теңізіне қарай 40-қа жуық артиллериялық оқ атқанын жазды.
Оңтүстік Корея Қарулы күштерінің штаб басшыларының Біріккен комитеті Пхеньянның әрекеттері екі Корея арасындағы келісімге қарсы келтінін айтып, арандатушылықты дереу тоқтатуға шақырды. Өз кезегінде Солтүстік Корея шекаралас аймақтағы Оңтүстік Корея әскерінің "арандатушылық әрекеттеріне" қарсы әрекет еткенін хабарлады.
"13 қазанда біздің армияның 5-ші корпусының алдындағы ауданда Оңтүстік Корея әскерлері 10 сағат бойы оқ жаудырды. Біз атқылауды Оңтүстік Корея әскерінің арандатушылық әрекеті ретінде қабылдап, қарсы әскери әрекеттерге көштік", – деді Корея Халық Армиясы Бас штабының өкілі.