Солтүстік Корея БҰҰ-ның есебін "зиянды жала" деп атады

739

Солтүстік Корея БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі тергеушісі Томас Ожеа Квинтананың баяндамасын "зиянды жала" деп мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты reuters.com агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Корея БҰҰ-ның есебін "зиянды жала" деп атады

Ол баяндамасында, Солтүстік Кореядағы адам құқықтары мен гуманитарлық жағдайға алаңдаушылық білдіретінін мәлімдеген болатын.

Ал оған жауап ретінде: "Мемлекетіміз халқымыздың өмір сүру жағдайы мен қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады. Біз ешқашан, ешкімнен халқымыздың өмір сүру жағдайы үшін алаңдауын сұрамадық" – деп хабарлады Солтүстік Кореяның KCNA мемлекеттік ақпараттық агенттігінің өкілі.

Еске сала кетейік, Солтүстік Корея Ожеа Квинтананың мандатын мойындамайды және оны АҚШ қолдаған басқа елдердің ішкі істеріне араласу схемасының бөлігі деп айыптайды.

Оралбай Мергенбайұлы

Фото: фото: profile.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу