Солтүстік Корея Конституцияға ядролық қару туралы тармақтарды енгізді

544

Бұл туралы КОТА агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

Солтүстік Корея Конституцияға ядролық қару туралы тармақтарды енгізді Фото: img3.eadaily.com

КХДР Жоғарғы Халық Ассамблеясы ядролық күштердің мәртебесі мен олардың жедел дамуы елдің өмір сүру құқығына кепілдік беру, соғысты тежеу және аймақтағы, бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғауға бағытталатынын елдің Конституциясына түзетулер енгізу арқылы бекітті.

"Түзетулер мен толықтырулар жобасында КХДР жауапты ядролық мемлекет ретінде елдің өмір сүру және даму құқықтарына кепілдік беру, соғысты тежеу және өңірде, әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғау үшін ядролық қаруды жедел дамытып жатқаны және республика Қарулы Күштерінің миссиясы мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын, құқықтары мен социалистік жүйені, революциядан қорғауда халық мүддесіне жұмыс істеу", - деп агенттік түзетулердің мазмұнын келтірді.

КХДР көшбасшысы Ким Ченн бұған дейін КХДР Конституциясының 4-тарауының 58-бабына ядролық күштердің жедел дамуына қатысты түзетулер енгізуді "тарихи оқиға" деп бағалаған болатын. Сонымен қатар, ол АҚШ-тың "ең қауіпті әскери мемлекет" және оның әрекеттері бүкіл әлемде "екінші қырғи қабақ соғыстың" басталуына әкелетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу