Оның барлығы нәжіспен немесе қоқыспен толтырылғандығы анықталды, деп жазады inbusiness.kz Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Кореяға жеткен шарлардың кейбірі қонды, ал басқалары әлі де ауада қалқып тұр. Шарлармен тасымалданатын заттардың барлығы қоқыс пен нәжіс екені расталды.
Бұл шарларды жинау мен талдау жұмыстарын жүргізуге Оңтүстік Корея әскерилерінің биохимиялық шабуылдардың алдын алу жөніндегі "CRRT" департаменті мен жарылғыш оқ-дәрілердің алдын алу жөніндегі "EOD" департаменті бөлімшелердің жеке құрамы жұмылдырылды.
Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяны халықаралық құқықты бұзды және Оңтүстік Корея азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірді деп айыптап жатыр.
Оңтүстік Корея әскерилері қазіргі жағдайды шешу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының қолбасшылығымен бірлесіп жұмыс атқаратынын мәлімдеді және азаматтарға Солтүстік Кореяның әуе шарларын байқаған жағдайда дереу полицияға хабарласу керектігін ескертті.
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Кореяның ресми ақпарат құралдары 26-сы күні Оңтүстік Кореяның кейбір азаматтық қоғамдарының Солтүстік Кореяға үгіт-насихат парақшаларын тастауына байланысты жауап ретінде әрекет жасайтынын хабарлаған.
Солтүстік Корея 2016 жылы да Оңтүстік Кореяға қоқыс тасымалдайтын шарлар жіберген.