КХДР мемлекеттік теледидары қытайлық спутниктен ресейлікке ауысты. Бұл туралы Inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым жазғандай, сигнал 29 маусымда Қытайдың Chinasat 12 аппаратынан ресейлік "Экспресс-103"-ке ауыстырылды.
КХДР туралы ақпаратқа маманданған KCNA Watch сайтында КХДР мемлекеттік теледидарының трансляциясы әлі де қолжетімді.
Reuters атап өткендей, сигналды ресейлік спутникке ауыстыру Оңтүстік Корея билігіне Солтүстік Корея теледидарының эфирін бақылауды қиындатуы мүмкін. Эфир – олардың КХДР-да болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат жинау жөніндегі тұрақты қызметінің ажырамас бөлігі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу