Солтүстік Корея қытайлық вакцинаның 3 миллион дозасынан бас тартты

1059

Пхеньян дәрі-дәрмектерді бүкіл әлемге таратумен айналысатын ДДСҰ-ның COVAX бағдарламасымен жұмыс істеуін жалғастырады.

Солтүстік Корея қытайлық вакцинаның 3 миллион дозасынан бас тартты

Солтүстік Корея билігі коронавирусқа қарсы Sinovac деп аталатын қытайлық вакцинаның 3 миллион дозасынан бас тартып, оларды басқа елдерге жіберуді сұрады, деп хабарлайды Inbusiness.kz South China Morning Post сайтына сілтеме жасап.

Юнисеф ұйымының мәліметінше, КХДР мұндай шешімді қабылдауын препараттар жеткізілімінің шектеулілігімен және басқа елдерде дерттің өршуімен байланыстырып отыр. Ресми Пхеньян дәрі-дәрмектерді бүкіл әлемге таратумен айналысатын ДДСҰ-ның COVAX бағдарламасымен жұмыс істеуін жалғастыратындарын мәлім етті. 

Шілде айында Солтүстік Корея билігі AstraZeneca вакцинасын жеткізуге кедергі келтірген еді. Жергілікті билік логистикамен айналысатын мамандарды елге кіргізуден бас тартып, препараттың жанама әсері болған жағдайда жауапкершіліктен бас тарту туралы құжатқа қол қоюға келісімін бермеген еді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу