Бұл туралы неміс Фридрих Науман қоры жариялаған зерттеу нәтижелерінде сөз болды. Басылым Солтүстік Корея әскері Украинаға қарсы соғысқа қатысса, онда Пхеньянның Ресеймен әскери ынтымақтастықтан түсетін табысы жүздеген миллион долларға артуы мүмкін екенін көсетеді.
Солтүстік Кореяның Ресейге қару-жарақ жеткізу көлемін нақты бағалау мүмкін емес, өйткені Пхеньян билігі қару экспорты туралы мәліметтерді жарияламайды. Өз баяндамаларында Оңтүстік Кореяның барлау қызметтері басқа дәйектермен қатар Солтүстік Кореяның теңіз арқылы жеткізілімдерін қадағалау кезінде алынған спутниктік суреттер деректеріне сүйенеді.
Бұл ақпаратқа сәйкес, Пхеньян Ресейді негізінен артиллериялық снарядтар мен қысқа қашықтықтағы зымырандармен қамтамасыз етеді.