Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен байланыстыратын барлық жол тораптарын біржола жаппақ

185

Солтүстік Корея 9 қазаннан бастап өз аумағын Оңтүстік Кореямен байланыстыратын барлық автомобиль мен теміржолдарды бұғаттау және тоқтату жұмыстарын жүргізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен байланыстыратын барлық жол тораптарын біржола жаппақ Фото: nv.ua

Хабарламада Корей түбегіндегі "дұшпандар қақтығысы" барған сайын шиеленісіп бара жатқаны айтылған. Ал Оңтүстік Корея аумағында үздіксіз жүргізіліп жатқан агрессивті әскери жаттығулар "шектен шығушылық" деп бағаланды.

"АҚШ Корей түбегіне стратегиялық ядролық қаруды жиі жіберетін болған, ал Оңтүстік Корея КХДР "режимін жоюға" талпынысын жасырмайды", – делінген хабарламада.

Осыған байланысты КХДР Бас штабы Корея Республикасының аумағымен КХДР мемлекеттік билігіндегі "аумақтық шектеулерді дәйекті түрде бөлу" бойынша практикалық әскери шаралар қабылдайды.

"9 қазаннан бастап біздің тараптың Корея Республикасымен байланысқан аумағындағы автомобиль және темір жолдарды толығымен үзу және қорғаныс құрылыстарын бекіністеу жұмыстары жүргізілетін болады", – деді Бас штаб.

9 қазан күні 09.45 (5.45 Астана уақытымен) Оңтүстік шекараның аумағында қорғаныс құрылыстарының салынуына байланысты КХДР армиясы телефон арқылы "түсініспеушілік пен кездейсоқ қақтығыстарды болдырмау үшін" америкалық әскерге хабарласқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу