Корей Халық Демократиялық Республикасы Пхунгери деп аталатын ядролық полигондағы сынақ шахталарын жарып жіберді, деп хабарлайды 24.kz.
Сонымен қатар солтүстіккореялық әскерилер бақылау бекеттері мен күзет ғимараттарының көзін жойған. КХДР ядролық қару институты өкілдерінің айтуынша, полигонды демонтаждау рәсімі – ядролық сынақтың тоқтатылғанын білдіреді.
Жарылыс кезінде радиоактивті заттар қоршаған ортаға таралған жоқ. Пхунгери полигонында 4 шахта болған. Жергілікті билік 6 ядролық сынақтың бесеуін осы полигонда өткізген.
Айта кетейік, Ақ үй басшысы Дональд Трамп пен Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ыннің кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы Би-Би-Си телеарнасы мәлімдеді. Бұл шешімге не түрткі болғаны белгісіз, бірақ АҚШ президенті "кездесуді қазір өткізу орынсыз" деп отыр.