Пхеньян Ресейдің шығысына жіберген 10 мыңнан астам әскердің басым бөлігі Курск облысына жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі басшысының орынбасары Ведант Пател хабарлады.
"Украина президенті Владимир Зеленский бір апта бұрын Солтүстік Корея сарбаздары Курск аймағында украин армиясына қарсы соғыс қимылдарына қатысқанын айтты. КХДР-дың 11 мың сарбазы Кремль әскерлеріне қолдау көрсету үшін қазір Курскіде жүр, олардың арасында "қаза болғандар бар", – деп жазды Зеленский.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу