Солтүстік Корея су асты ядролық қару жүйесін сынақтан өткізді

398

Оңтүстік Корея бұл әрекетке арандату деп баға берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Корея су асты ядролық қару жүйесін сынақтан өткізді Фото: nbcnews.com

Солтүстік Корея АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония Әскери-теңіз жаттығуларына наразылық ретінде жаңа "Хаиль-5-23" ядролық суасты дрондарын сынақтан өткізді. 

"Бұл жаттығулар біздің қауіпсіздігімізге үлкен қауіп төндірді. Бұған жауап ретінде КХДР Ұлттық қорғаныс Академиясы жанындағы суасты қару-жарақ жүйелері институты Жапон теңізінің акваториясында "Хэил-5-23" суасты ядролық қару жүйесін сынақтан өткізді", – деп хабарлады КХДР Қорғаныс министрлігі.

Ядролық қаруды тасымалдауға қабілетті су астындағы соққы дрондарын сынау жұмыстары елдің шығыс жағалауында жүргізілген.

Пхеньян "АҚШ Әскери-теңіз күштері мен олардың одақтастарының әрекетін тоқтатуды" жалғастыратынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу