Солтүстік Корея жақында әскери әлеуетін көрсетуді жалғастырып, Шығыс теңізге қарай қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыранды ұшырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Америка дауысына сілтеме жасап.
Сеулдегі Біріккен штаб бастықтары зымыран елдің батысындағы Пхеньянның солтүстігіндегі Сунчхон қаласынан атылғанын және елдің үстінен ұшып өтіп, шығыс жағалауындағы суларға құлағанын хабарлады.
Зымыранды ұшыруға қатысты басқа мәліметтер жарияланған жоқ.
Солтүстік Корея зымыранды өткен аптада АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әуе жаттығуларына жауап ретінде ондаған зымырандарды ұшырғаннан кейін тағы да күшін көрсетуге тырысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу