КХДР тағы да Оңтүстік Корея бағытында қоқыс салынған әуе шарларын ұшырды. Бұл туралы Yonhap агенттігі Оңтүстік Кореяның штаб бастықтарының біріккен қолбасшылығына сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Солтүстік Корея Оңтүстік Корея бағытында қоқыс салынған шарларды қайтадан ұшырды", – делінген басылымда.
Атап өтілгендей, шарлар Кёнгидо провинциясының солтүстік бөлігіне жіберілген сияқты. Агенттіктің мәліметінше, Корея Республикасы штаб бастықтарының біріккен қолбасшылығы азаматтарға құлаған шарларға қол тигізбеуге және олар табылған жағдайда полицияға хабарласуға кеңес берген.
28 мамырдан бастап Солтүстік Корея әскерилері Оңтүстік Кореяға барлығы 2 мыңнан астам қоқыс шарларын ұшырды.