Оңтүстіккореялық әскерилердің дерегі бойынша, зымырандар Жапон теңізі жағына қарай Пхенан-Намдо провинциясынан жіберілген. Снарядтар шамамен 330 шақырымға дейін жеткен.
АҚШ тарапы Корей түбегіндегі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және аймақтағы серіктестерімен байланыста екенін айтады. Ресми Сеул болса, Пхеньяннан бұл әрекеттерін доғаруға шақырып отыр. Өйткені Солтүстік Кореяның оңды-солды зымыран ұшыруы онсызда ушыққан жағдайды үдете түспек.
Айта кетейік, КХДР осымен жетінше мәрте зымыран сынақтан өткізіп отыр. Соңғы рет 24 тамызда снарядтарды ұшырған болатын. Бұған түрткі болып отырған Вашингтон мен Сеулдің бірлескен әскери жаттығулары. Пхеньян АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әрекеттері Солтүстік Кореяға басып кіруге бағытталған деген пікірде.
Бұған дейін ел президенті Ким Чен Ын оңтүстіккореялықтар Құрама Штаттармен ортақ әскери әрекеттерін доғармаса, басқа бағытқа бет бұратынын бірнеше мәрте айтып сес көрсеткен болатын. Ал АҚШ пен Қытай әскери жаттығулардың қорғаныс мақсатында ұйымдастырылып жатқанын алға тартуда. Қос тараптың айтуынша, жаттығулардың мақсаты Оңтүстік Кореяның екі жақтың қарулы күштерін әскери режимге енгізе алатындығын тексеру болып отыр.
Табиғат Нұрболат