КХДР-да тактикалық ядролық қарумен жабдықталған ең жаңа сүңгуір қайық салтанатты түрде су астына жіберілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Корея дауысы" радиостанциясы таратқан ақпаратқа сүйенсек, КХДР құрылған күніне арналған салтанатты шараға көшбасшы Ким Чен Ын қатысты.
Сонымен қатар бұл Солтүстік Кореяның тактикалық ядролық қарумен жабдықталған алғашқы сүңгуір қайығы екені атап өтілді.
Сондай-ақ жаңа сүңгуір қайық енді сынақтан өту үшін теңізге шығуға дайындалып жатқаны нақтыланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу