Солтүстік Корея Украинаға қарсы соғысқа әскер жібергенін жоққа шығарады

293

Оңтүстік Корея барлау қызметінің мәліметінше, Пхеньян Ресей Федерациясына 1500 сарбазын оқуға жіберген. Олар кейін Украинадағы майданға жіберіледі деген болжам бар. 

Солтүстік Корея Украинаға қарсы соғысқа әскер жібергенін жоққа шығарады Фото: DW

Солтүстік Корея Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін Ресейге өз сарбаздарын жібергені туралы ақпаратты жоққа шығарып, "негізсіз қауесет" деп атады. Бұл туралы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының жұмыс тобының отырысында сөз болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"КХДР-ге қарсы тағылған айыптар оның беделі мен екі егемен мемлекет арасындағы заңды және достық қарым-қатынасқа нұқсан келтіруді көздейді", – деді БҰҰ-дағы Солтүстік Кореяның тұрақты өкілі Ким Сон.

Ресей де Солтүстік Корея сарбаздарын Ресей Федерациясы жағындағы шайқастарға қатысу үшін Украинаға жіберу туралы ақпаратты растамады. Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігіне шақырылған Ресейдің Сеулдегі елшісі тек Ресей Федерациясы мен КХДР арасындағы ынтымақтастық Оңтүстік Кореяның қауіпсіздік мүдделеріне қарсы бағытталмағанын айтты.

НАТО да, АҚШ та Солтүстік Корея сарбаздарын Ресейге жіберу туралы ақпаратты растамады, бірақ мұндай қадам қақтығыстың өршуін білдіретінін ескертті. 

"Біз КХДР әскерін жібергені және Ресей жағындағы шайқастарға қатысу үшін Украинаға Солтүстік Корея сарбаздарын жіберуге дайын екендігі туралы хабарларды көрдік, егер бұл расталса, бұл өте терең алаңдаушылық тудыратын қауіпті оқиға", – деді АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Кевин Вуд.

Солтүстік Корея Ресей армиясын қолдау үшін сарбаздарын жіберіп жатыр деген мәлімдеме БАҚ беттерінде алғаш 9 қазанда пайда болды. 

Оңтүстік Кореяның Yonhap ақпарат агенттігі барлау деректеріне сілтеме жасай отырып, бұған дейін КХДР Украинаға жалпы саны 12 мың сарбаздан тұратын төрт бригаданы, оның ішінде арнайы жасақ сарбаздарын жіберуге ниетті екенін хабарлаған. Бұл туралы Брюссельдегі Еуроодақ саммиті аясында Украина президенті Владимир Зеленский де айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу