Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартпаса не болады

744

Трамп мәлімдеме жасады.

Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартпаса не болады

Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартпаса, Ким Чен Ын барынан айырылады. Трамп Твиттер арқылы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.

­­АҚШ-қа кәрістердің қайта-қайта сынақ өткізіп жатқаны ұнамайды.

"Оған НАТО, Қытай, Ресей және Жапония да қарсы", – деп жазды Ақ үй жетекшісі.

Еске салсақ, Трамп пен Ким Чен Ын Сингапурде кездесіп, Корей түбегін ядролық қарудан азат ету туралы келісімге қол қойған еді. Содан кейін біраз сынақ алаңдары жойылғанмен, кейін бұл елде бірнеше зымыран ұшырылды. Кәрістер АҚШ санкцияны жоймаса, ешқандай келісімге келмейтінін, ядролық қарудан да бас тартпайтынын хабарлады.

 "Егер қажет болса, шамамыз дәл қазір ұрысты бастап, кешке таман жеңісті тойлауға жетеді. Бірақ мәселені дипломаттар арқылы шешуіміз керек. Қазір Помпеомен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Келіссөз жүргізуге дайынбыз",– АҚШ-тың Қорғаныс министрі Марк Эспер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу