Солтүстік Корея ядролық сынақ өткізуге дайындалуда

788

Пхеньян соңғы мәрте ядролық қаруды 2017 жылғы 3 қыркүйекте сынақтан өткізген болатын.

Солтүстік Корея ядролық сынақ өткізуге дайындалуда

Солтүстік Корея жаңа ядролық сынақ өткізуге дайындалып жатыр. Бұл туралы Financial Times басылымы Вашингтонның стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Басылымның дерегінше, жерсерік Пхунгеридегі ядролық полигондағы дайындық жұмыстарын түсіріп алған. Ол жерде жаңа ғимараттар салу, құрылыс материалдарын тасымалдау сияқты жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді. Зерттеу авторларының айтуынша, сынақтар 2022 жылдың мамыр және қыркүйек айлары аралығында жүргізілуі мүмкін.

КХДР соңғы мәрте ядролық қаруды 2017 жылғы 3 қыркүйекте сынақтан өткізген болатын.

Жергілікті биліктің айтуынша, ол кезде құрлықаралық баллистикалық зымыранға орнатуға болатын термоядролық заряд жарылды.

Жапония Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, жарылған бомбаның қуаттылығы 70 килотоннаға жеткен. Оңтүстік Корея мамандар 100 килотонна болды деп жарияладын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу