Солтүстік Корея жаңа гипердыбыстық зымыран ұшырды

954

Снаряд Жапонияның ерекше экономикалық аймағынан тыс жерде құлады. 

Солтүстік Корея жаңа гипердыбыстық зымыран ұшырды

Солтүстік Кореяның қорғаныс ғылымдары академиясы Хвасон-8 деп аталатын гипердыбыстық зымыранды сынақтан өткізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Кореяның орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап. 

Зымыран қаңтар айында қабылданған бес жылдық әскери жоспар аясында жасалған. Пхеньян бұл сынақ елдің заманауи қорғаныс жүйесін дамытуда стратегиялық тұрғыда маңызды деген пікірде. 

Сынақ Чагандо провинциясында жүргізілді. Ғалымдар зымыранның навигациялық бақылауын, оның маневрлігін, оған орнатылған оқтұмсықтың аэродинамикалық көрсеткіштерін, сондай-ақ КХДР-ға алғаш рет ұсынылған отын ампуласын тексерді.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяның штаб басшыларының бірлескен комитеті КХДР Жапон теңізіне белгісіз снарядты ұшырды деп мәлімдеді. Снаряд Жапонияның ерекше экономикалық аймағынан тыс жерде құлаған жарияланды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу