30 тамыз күні кешке Солтүстік Корея екі баллистикалық зымыран ұшырды, олар Жапонияның айрықша экономикалық аймағынан тыс жерге қонды, деп хабарлайды inbusiness.kz NHK телеарнасына сілтеме жасап.
Жапония Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, зымырандар 10 минуттық аралықпен атылған. Екі зымыран да шамамен 50 км биіктікте ұшты, ұшу қашықтығы шамамен 350-400 км болды.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтары да Солтүстік Кореяның Жапон теңізіне қарай қысқа қашықтықтағы екі баллистикалық зымыран ұшырғанын растады.
Жапония Қорғаныс министрлігі мұны Оңтүстік Кореяда 21-31 тамыз аралығында өтетін АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуларына қарсы әрекет деп санайды.