Солтүстік Корея Жапон теңізіне белгісіз снаряд ұшырды

762

Бұған дейін Financial Times басылымы Солтүстік Кореяның жаңа ядролық сынақ өткізуге дайындалып жатырғанын хабарлаған болатын.

Солтүстік Корея Жапон теңізіне белгісіз снаряд ұшырды

Жапонияның қорғаныс министрлігі Солтүстік Кореяның белгісіз снаряд ұшырғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікт БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ресми Токионың болжамынша, бұл баллистикалық зымыран болуы мүмкін. Қазіргі уақытта министрлік зымыранның Жапонияға тигізетін әсерін анықтауда. Ведомство теңіз кемелеріне жағдайды бақылап, зымыранның бөлшектері табылған жағдайда оларға жақындамай, қай жерге құлағанын хабарлауды тапсырды. 

Бұған дейін Financial Times басылымы Солтүстік Кореяның жаңа ядролық сынақ өткізуге дайындалып жатырғанын хабарлаған болатын. Сынақтар 2022 жылдың мамыр және қыркүйек айлары аралығында жүргізілуі мүмкін. КХДР соңғы мәрте ядролық қаруды 2017 жылғы 3 қыркүйекте сынақтан өткізген болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу