Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай белгісіз снаряд ұшырды

805

Бұл – КХДР-дың биылғы бесінші сынағы.

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай белгісіз снаряд ұшырды

Солтүтік Корея Жапон теңізіне қарай белгісіз снарядты ұшырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ренхап агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның штаб басшыларының біріккен комитеті бұл жайт туралы хабарлады, бірақ егжей-тегжейлі ақпарат бермеген.

Бұл – КХДР-дың биылғы бесінші сынағы. Ресми Токио снаряд баллистикалық зымыран болуы мүмкін деп топшылап отыр.

Солтүстік Корея 11-12 қыркүйекте алыс қашықтықтағы жаңа круиздік зымыранды сынақтан өткізген еді. Оны Корея Еңбек партиясының Орталық Комитетінің мүшелері бақылады. 

Бұған дейін КХДР қаңтарда және наурыз айының соңында зымыран сынақтарын өткізген болатын. 21 наурызда Сары теңізге екі круиздік зымыран ұшырылды, ал 25 наурызда Жапон теңізіне екі қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыран ұшырылды.  Осылайша Солтүстік Корея БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын бұзды.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу