Солтүстік Корея Жапон теңізі қарай бірнеше қанатты зымыран ұшырды. Бұл туралы Оңтүстік Корея Қарулы күштері Бас штабтар комитетіне сілтеме жасаған Yonhap агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.
Зымырандар Хамгён-Намдо провинциясынан жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09:00 шамасында ұшырылғаны белгілі болды.
Оңтүстік Корея әскери қызметкерлерінің айтуынша, олар ұшыруға дайындықты алдын ала байқап, оған дайын болған. Қазіргі таңда олар бұл ақпарат жөнінде АҚШ-пен алмасты.
Айта кететіні, КХДР соңғы рет 8 мамыр күні қысқа қашықтыққа арналған баллистикалық зымыран ұшырған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу