Бұл туралы Yonhap ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Солтүстік Корея 14 қаңтарда Жапон теңізіне қарай бірнеше қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыранды ұшырды. Штаб бастықтары біріккен комитетінің мәліметінше, ұшыру Чагандо провинциясының Канге қаласынан жергілікті уақыт бойынша 9:30 шамасында тіркеліп отыр. Зымыран теңізге құлағанға дейін 250 шақырымды артқа тастаған. Оңтүстік Корея әскерилері КХДР ұшырған зымырандардың санын нақтылап айтпады.
Сеул ұшыруды Пхеньянның кезекті арандатуы деп санайды.
– Қысқа қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандардың ауқымын ескере отырып, олардың көздеген нысаны – Оңтүстік Корея, – деп жазды Yonhap.
Штаб бастықтары біріккен комитеті зымыранды Корей түбегіндегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін "ашық арандатушылық" деп атаған және Пхеньян "қате шешім" қабылдаған жағдайда толық дайын болуға уәде берген. Оңтүстік Корея әскерилері дайындық кезінде бақылау мен қырағылықты күшейтіп, Солтүстік Кореяның зымырандары туралы ақпаратты АҚШ және Жапониямен бөліскенін жеткізген.