КХДР Пхеньян маңындағы Сунан әуежайынан шығысқа қарай екі қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымырандарды бір уақытта ұшырды, деп хабарлайды inbusiness.kz Оңтүстік Кореяның Штаб басшыларының бірлескен комитетіне сілтеме жасап.
Бұған дейін белгісіз снарядтың Жапон теңізіне ұшырылғаны белгілі болды. КХДР 2022 жылы осымен төртінші мәрте зымыран ұшырып отыр.
Нақтырақ айтқанда, 5, 11 және 14 қаңтарда сынақ өткізілген болатын. Ресми Пхеньян 5 мен 11 жүргізілген сынақ сәтті өткенін мәлімдеді. 14 қаңтарда теміржол зымыран кешенінен қысқа қашықтықтағы екі баллистикалық зымыран ұшырылды.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу