Солтүстік Корея Жапония бағытында баллистикалық зымыран ұшырды

993

Солтүстік Корея Жапония бағытында баллистикалық зымыран ұшырды

Солтүстік Корея тағыда Жапония бағытында баллисткалық зымыран ұшырды және ол бұл жолы жапондық Хоккайдо аралының үстінен ұшып өтіп, теңізге құлады, деп хабарлайды КазТаг. 
Хабарда айтылғандай, КХДР ұшырған зымыран үшке бөлініп кетіп, жапониялық Хоккайдо аралының жағалауына құлады. 
"Шамамен 06.06 сағатта ұшырылған зымыран біздің әуе кеңістігімізден 06.12 сағатта ұшып өтіп, Эримо түбегінен шамамен 1180 км жерге құлады", - деді Жапонияның министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга шұғыл өткізген бапасөз мәслихатында. 
Оның айтуынша, зымыран Тынық мұхитқа Эримо түбегінен 1180 км жерге Хоккайдо аралына құлаған болуы мүмкін. 
Елдің қорғаныс министрі Ицунори Онодэра мәлім еткендей, ол баллистикалық зымыран болатын.  
"Біз алынған барлық мәліметтерді талдап, ол зымыран баллистикалық зымыран екенін таптық", - деді ол. 
Ё.Суга "Солтүстіккореялық зымыран елге елеулі қауіп төндіретінін" айта отырып, "Пхбенянға жауап ретінде Жапония қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты. 
Жапония, АҚШ пен Оңтүстік Корея КХДР баллистикалық зымыран ұшыруына байланысты шұғыл түрде БҰҰ қауіпсіздік кеңесін шақыру туралы өтініш жіберді. Ол кеңес сейсенбі күні кешкісін өтеді деп күтілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу