Солтүстік Корея Жапонияға қарай баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Жапония премьер-министрі Есихида Суга осы ақпаратты растады. Оның айтуынша, снарядтар экономикалық аймақтан тыс жерге құлаған. Үкімет басшысы Пхеньян өткен жылғы 29 наурыздан бері осындай зымырандарды алғаш рет ұшырып отырғанын жариялады. Премьер-министр Солтүстік Кореяның бұл қадамы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын бұзып, аймақтың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отырғанын мәлім етті.
АҚШ билігі де екі баллистикалық зымыранның ұшырылғанын растады.Kyodo агенттігінің хабарлауынша, Жапония үкіметі осы жағдайға байланысты ұлттық қауіпсіздік кеңесін өткізбек.
Табиғат Нұрболат