Солтүстік Корея Жапонияға қарай тағы да баллистикалық зымыран ұшырды

822

Солтүстік Корея Жапонияға қарай тағы да баллистикалық зымыран ұшырды

Кеше Солтүстік Корея Жапонияға қарай тағы да баллистикалық зымыран жіберді. Бұл жолғы қарудың күші бұрынғылардан әлдеқайда қауіпті, деп хабарлайды astanatv.kz7

Ядроның ауқымды үлесін арқалай алатын "Хвасон-15" ракетасы АҚШ-тың кез-келген аймағына жетуге қауқарлы. Ал осы күнге дейін тіс жармаған Пхеньян ақыры ядролық сынақтардың себебін түсіндірді. Ресми хабарламада: "Солтүстік Кореяның стратегиялық қаруы ел егемендігін қорғау үшін және "Штаттардан" келген ядролық қауіп саясатына байланысты аумақтық тұтастықты сақтау үшін жасалып отыр",- делінген.

Баллистикалық ракета Жапонияның арнайы экономикалық аумағынан 250 шақырым жерде құлаған. Пхеньянның пайымдауынша, бұл жолғы ядролық тексеріс жұмыстары көрші елдерге қауіп төндірген жоқ. Бұған қарамастан, қарсы саясатты қолға алған Оңтүстік Корея өз зымырандарын аспанға жібере бастады. Елдің әскерилері АҚШ пен Жапониядағы әріптестерімен бірлесіп, Біріккен ұлттар ұйымы қауіпсіздік кеңесінің төтенше отырысын құруға бел буды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу