Солтүстік Корея тағы да белгісіз зымыранды іске қосты. Reuters-тің хабарлауынша, ол баллистикалық зымыран болуы әбден мүмкін. Ал, NHK телеарнасы Жапонияның қорғаныс ведомствосына сілтеме жасай отырып, зымыранның Жапон теңізіне қарай бағытталғанын және оның экономикалық аймаққа құлауы мүмкіндігін хабарлады. Осыған байланысты Жапонияның теңіз қызметі суда жүрген барлық кемелерінің әскерлеріне өте мұқият болуды және су бетінде болуы ықтимал зымыранның қалдықтарын байқаған жағдайда жедел түрде билік өкілдеріне хабарлауды тапсырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу