Солтүстік Корея зымыран сынағын тоқтатпайтынын мәлімдеді

713

Солтүстік Корея зымыран сынағын тоқтатпайтынын мәлімдеді

Солтүстік Корея халықаралық қауымдастықтар мен мемлекеттердің сын пікіріне қарамастан зымыранды сынақтан өткізуін жалғастыра бермек. Мұны елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Хан Сонг Рель мәлімдеді.

Оның айтуынша Пхеньян зымыранды апталық, айлық және жылдық негізде сынақтан өткізеді. Сонымен қатар, саясаткер егер АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы күш қолданатын болса, соғыс бастаудан да тайынбайтынын ескертті.

Айта кетейік, Корей түбегіндегі ахуал 2016 жылдың басынан бері ушығып тұр. Оған Солтүстік Корея билігінің ядролық сынақ өткізуі себеп. Оған қоса Пхеньян 4 баллистикалық зымыранды ұшырып, бұл – Жапониядағы америкалық базаларды талқандауға дайындық деп мәлімдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу