Солтүстік Корея зымырандар өндірісін арттыруға білек сыбана кіріспек

197

КХДР басшысы елдегі кәсіпорындардың алдына осындай міндет қойып отыр.

Солтүстік Корея зымырандар өндірісін арттыруға білек сыбана кіріспек Фото: Yonhap

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын елдегі жетекші әскери-өнеркәсіп кәсіпорындарының бірін аралап көрді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап.

КХДР басшысы зымырандар мен снарядтар өндірісін арттыру қажеттігін баса айтты. Ким Чен Ынның сөзінше, зымыран мен артиллериялық әскерлердің болашақтағы сұранысын қамтамасыз ету үшін жаңа әскери-өнеркәсіп кәсіпорындарын құруды жоспарлау қажет. Тиісті шешім алдағы IX партия съезінде қабылдануы тиіс.

Бұдан басқа жетекші әскери-өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғыртуға арналған жоспар жобаларына қол қойылды. Құжаттар партия съезінің қарауына жіберілмек.

Партия съезі 2026 жылдың басында өтеді деп күтілуде. Мұнда Солтүстік Корея өзінің сыртқы саясаттағы басымдықтарын, АҚШ пен Оңтүстік Кореяға қатысты ұстанымын, қорғаныс пен экономика салаларындағы негізгі бағыттарын айқындайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу