Солтүстік Корея зымырандарымен жер бетінің кез келген нүктесіне соққы жасай алатынындығын ескертті

860

Солтүстік Корея  зымырандарымен жер бетінің кез келген нүктесіне соққы жасай алатынындығын ескертті

Солтүстік Корея Корей Халық армиясының стратегиялық әскері (КХА) күнін атап өтті. Олар зымырандарымен жер бетінің кез келген нүктесіне соққы жасай алатынындығын ескертті, деп хабарлайды 7kun.kz хабарлайды.

Бұл жаңалық елдің бірнеше басылымдарында жарық көрді. Атап айтсақ, орталық партия газеті "Нодон симун", Кореяның еңбек партиясының ОК баспасөз органы арнайы мақала жариялады. Онда Пхеньянда өткен шерудегі зымырандардың суреттері де көрсетілген.

Осы уақытқа дейін ұшырылған жаңа "Хвасон-12" жоғары орта қашықтықтағы  және "Пуккыксон-2" орта радиустағы баллистикалық және "жер-кеме" класындағы қанатты ұшақтарының сынақтан сәтті өткендігі туралы да жазылған.

"Ұшырылатын жүз зымыранның жүзі де сәтті болады, себебі арнайы мобиль қондырғылардың арқасында, бұл зымырандарды анықтау қиын болады", — деп жазады орталық парития газеті.

Естеріңізде болса, өткен жылы газет АҚШ әскери базаларына соққы жасау туралы жазған болатын. Бұл жолы ондай тікелей қатер төндіру жайлы хабарайтылмаған.

Солтүстік Корея мемлекеті АҚШ тарапынан әскери қауіп болады деген сылтаумен ядролық және зымыран қаруларын жасаумен айналысып жатыр. Бұған қатысты БҰҰ ӨҚ санкция жасаған да болатын. Пхеньян әскерінің белсенділігі салдарынан, әлемге ядролық қару режимі тарап кетуі мүмкін деген қауіппен, халықаралық қоғамдастық ҚХДР-ның ядролық және зымыран қаруларын жасауды тоқтатуға тырысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу