Солтүстік Корея зымыранынан қауіптенген Жапония билігі халықты эвакуациялады

467

Жапония Үкіметі Хоккайдо аралындағы КХДР зымыранының құлау қаупіне байланысты эвакуация туралы жариялады. 

Солтүстік Корея зымыранынан қауіптенген Жапония билігі халықты эвакуациялады Фото: img2.eadaily.com

Билік J-Alert ескерту жүйесі арқылы жергілікті тұрғындарды берік ғимараттарға, жерасты метро станцияларына немесе арнайы баспаналарға тығылуға шақырды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұған дейін зымыран елдің экономикалық аймағынан тыс жерде құлады деген хабарлама болған.

Кезекті зымыранның іске қосылуына байланысты Жапония Премьер-Министрінің Кеңсесінде шұғыл штаб құрылды.

Биыл Солтүстік Кореяда баллистикалық зымыран тоғызыншы рет ұшырылды. Өткен жылы КХДР 37 баллистикалық зымыран ұшырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу