Солтүстік Кореядан 300-ден астам қоғамдық жазалау орны анықталды

1511

Оңтүстіккореялық қоғамдық ұйым Солтүстік Кореядан қоғамдық жазалау жүргізілетін 318 орынды анықтады, деп хабарлайды BBC арнасы.

Солтүстік Кореядан 300-ден астам қоғамдық жазалау орны анықталды

Қоғамдық ұйымның мүшелері Корей халықтық демократиялық республикасындағы жазалау туралы баяндама әзірлеу үшін Солтүстік Кореядан қашып келген 610 адамды әңгімеге тартқан.

Олардың айтуынша, солтүстіккореялықтар әртүрлі қылмыстар үшін жазаланады. Мәселен, сиыр ұрлағаны немесе оңтүстіккореялық телеарналарды көргені үшін өлім жазасына кесілген я дарға асылған.   

Жинақталған ақпаратқа сәйкес, жазалау шаралары өзен жағасында, егістік басында, базар маңында, спорттық алаңдар мен мектептерде ұйымдастырылған. Ал жазалауды көруге жиналатын халықтың саны 1 мың адамнан асып кетеді екен. Бұл туралы оңтүстіккореялық Transitional Justice Working Group ұйымының баяндамасында айтылған.

Кей жағдайда жан түршігерлік процестерді тамашалауға жазаланушылардың туған-туыстарын да шақырылады. Жазаланғандардың мүрдесін туғандарына өте сирек қайтарады.  

Жазаланушылар көп жағдайда ату жазасына кесіледі. Сондай-ақ дарға асылады. Transitional Justice Working Group дерегінше, 2005 жылы мұндай жазалау шаралары айтарлықтай азайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу