Солтүстік Кореядан 8 мыңға жуық сарбаз қазірдің өзінде Ресей-Украина шекарасына келіп, "жақын күндері" ұрыс қимылдарына қатысуға дайындалуда.
Блинкеннің айтуынша, ресейлік әскерилер Солтүстік Кореядағы әріптестерін артиллериялық қару мен ұшқышсыз ұшақтарды, сондай-ақ "жаяу әскерлердің негізгі операциялары, соның ішінде окоптарды тазартуға үйретіп жатыр, яғни кореялық күштерді майдандағы операцияларда толықтай пайдалануға ниетті екенін" көрсетеді. Бұған дейін Пентагонның баспасөз хатшысы Сабрина Сингх Солтүстік Корея әскерлері "таяу апталарда Украина маңындағы ресейлік әскерлерді күшейтетінін" айтқан.
Жалпы, Вашингтонның есебі бойынша, Ресей аумағында КХДР-дың 10 мыңға жуық әскери қызметкері бар. Оңтүстік Корея олардың санын 11 000, Украина 12 000 деп есептейді.
Бұған дейін АҚШ Қытайды Ресей Федерациясында орналасқан Солтүстік Корея әскерлерінің үйлеріне қайтарылуын ұйымдастыруға шақырған болатын. Ал Германия Сыртқы істер министрлігі егер Солтүстік Корея сарбаздары Украинаға қарсы соғысқа қатысатын болса, Пхеньянға қарсы жаңа санкциялар енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.