Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын өзінің атасы, марқұм Ким Ир Сен иеленген президент лауазымын мұрагерлікке алуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Caliber.Az агенттігіне сілтеме жасап.
Тиісті шешім партияның тоғызыншы съезінде және одан кейін өтетін КХДР Жоғарғы халық жиналысының отырысында қабылдануы мүмкін. 2024 жылғы қыркүйектен бері Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның көшбасшысы деген лауазымды иеленеді.
Президент атағын Ким Чен Ынның атасы, мемлекет негізін қалаған Ким Ир Сен 1972 жылдан 1994 жылға дейін иеленген. 1972 жылғы Конституцияда "КХДР президенті – мемлекеттің басшысы" деп тайға таңба басылғандай жазылған.
1998 жылы Солтүстік Кореяның Ата заңы қайта қаралды. Осылайша президент лауазымы алынып тасталды. Кейін Ким Ир Сеннің ұлы Ким Чен Ир Ұлттық қорғаныс комиссиясының төрағасы болды.
38 North басылымының жазуынша, Солтүстік Кореяда президенттік лауазым қайта енгізіліп, оған Ким Чен Ын тағайындалған жағдайда, салдары салтанатты мәртебемен ғана шектелмеуі мүмкін. Солтүстік Корея осы айда өтеді деп жоспарланған партияның тоғызыншы съезіне дайындалу үстінде.