Күн сәулесіндегі соңғы белсенділік Қазақстанның солтүстік ендіктерінде Солтүстік шұғыласының жаңа толқынын тудырды.
Аспанның ашық қызғылт, жасыл түске боялғанын әсіресе Сарыкөл, Қостанай, Лисаковск аудандарының тұрғындары байқады.
Айта кетейік, қостанайлықтар бұған дейін де ерекше құбылыстың куәсі болған еді. Өткен жылдың қараша айында да Қостанай аспанын қызыл-жасыл градиент жаулаған.
Тұрғындардың бірі әлеуметтік желіде таңданысын білдірсе, енді біреулер қорыққанын жазған еді.
Бұл құбылысты сонымен қатар Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана маңында тұратындар да байқаған.
Бұған дейін ғалымдар Күннің қуатты жарқылын тіркеген еді.