Солтүстік облыстарда күн суытады

1012

Қазақстанның үш өңірінде желдің екпіні секундына 28 метр болып, тіпті қар жаууы мүмкін.  

Солтүстік облыстарда күн суытады

Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Тек батыс, солтүстік-батыс пен солтүстікте күн құбылмалы, кей жерлерде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Кейбір өңірде жел күшейіп, тұман болады. Солтүстік-батыс пен солтүстікте – көктайғақ, солтүстікте – бұрқасын жел.

Дабылды ескерту

Ақмола облысында тұман мен көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – секундына 15-20 метр.

Қостанай облысында да тұман, көктайғақ күтіліп отыр. Оңтүстік-батыстан 18 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында 23-24 қазанда бұрқасын, тұман болады. 23 қазанда оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Кей жерлерде екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді. 24 қазан күні желдің жылдамдығы 23-28 м/с болуы мүмкін.

Өңірлердегі ауа райы

Қостанай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Қостанай, Ақмола облыстарында көктайғақ күтіліп отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу