Солтүстік өңірлерде жел күшейеді

1185

Қостанай, Ақмола облысы мен Көкшетау қаласында жел күшейіп, ауа райы бұзылады.  

Солтүстік өңірлерде жел күшейеді

Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірлерде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

24 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

24 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде боран соғады. Оңтүстік-батыс пен батыстан жел соғады. Кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Осы күні Көкшетау қаласында т аңертең және күндіз жаяу бұрқасын көтеріледі. Түнде және таңертең оңтүстік-батыс пен батыстан қарқыны 15-20 м/с болатын күшті жел соғады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу